М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да үндістандық студенттерді елге шығарып салды

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың  Жоғары медицина мектебінде Үндістаннан келген 179 студент білім алуда. Қазақстандағы ТЖ кезінде олар ЖОО-ның жатақханасында өзін-өзі оқшаулауда болып, қашықтықтан білім алды. Қатаң карантиндік шаралар алынғаннан кейін студенттерді Отанына жіберді. 126 адам маусым айының басында кеткен болатын, ал қалған 43 студентті өткен аптада ғана шығарып салдық.

Олар жақын туған-туыстарымен, достарымен кездесуді, жылы ауа райы мен Үндістанның тағамдарын дәм татуды көптен күткен болатын. Білім алушылар атап өткендей, жатақханада олар үшін барлық жағдай жасалған: жайлы тұрмыс қамтамасыз етілді, бос уақытты өткізуді қызықты ұйымдастырды, интернет қол жетімді болды. Алайда, олар жақындарын қатты сағынды, сондықтан да өз отанына оралу күнін тағатсыздана күтті. Автобустардың дәл жанында олар ән айтып, би биледі. Оқу орнын жылумен, өз оқытушыларымыз бен солтүстікқазақстандық достарды жиі еске аламыз, - деп бөлісті үндістандықтар.

Нұр-Сұлтанға дейін олар автобуспен барады, содан кейін - отанына ұшақпен жол жүрмек.  Екінші курс студенттері сессияны аяқтады, ал бірінші курста емтихан әлі алда. Енді студенттер емтихандарды Үндістанда қашықтықтан тапсырады.

Айта кетейік, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да Банладештен келген студент қалды, өйткені бұл елге карантиндік шараларға байланысты әзірге кіруге болмайды.

22.06.2020