М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері жемқорлыққа «ЖОҚ» деді

«Сыбайлас жемқорлыққа жол ЖОҚ!» атты көркем шығармашылық сайысы қорытындыланды. Конкурс «Рухани жаңғыру» ұлттық жобасының «Өзгерісті өзіңнен баста» бағыты аясында өтті. Шараны ұйымдастырушы М. Қозыбаев атындағы СҚМУ «Саналы ұрпақ» жобалық кеңесі болды. 

2020 жылғы 1 мамырдан 30 мамырға дейінгі аралықта Инстаграм және электронды пошта арқылы 10 жұмыс түсті, олардың үшеуі финалға шықты.Біздің университеттің студенттері өздерінің суреттерінде сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарастарын бейнелеген. Қатысушылардың жұмысы парақорлыққа қарсы наразылық және өз ұстанымын білдіру болып табылады. Олар бұл әлеуметтік зұлымдыққа «ЖОҚ» деп нақты жауап береді.

Қазылар алқасының құрамына Тәрбие және әлеуметтік жұмыс департаментінің директоры м.а Мадияр Назаров , құрылыс және дизайн кафедрасының аға оқытушысы Юлия Попова, "Саналы ұрпақ" жобалық кеңсесінің комплаенс академ офицерлері Богдан Петров және Айнұр Әбілтаева, Жастар істері комитетінің төрайымы м.а Карина Жантокова кірді. Олар қатысушылардың жұмысын жоғары бағалап, ортақ пікірге келді.

«Сыбайлас жемқорлыққа жол ЖОҚ!» байқауының жеңімпаз атағы ТЭҚФ, Фс-18k тобының студенті Дана Джумановаға берілді. ПФ «Дефектология" мамандығының бірінші курс студенті Ұлдана Ақмырзаға жеңімпаз болу үшін аздап жетпей қалды. Болашақ дене шынықтыру мұғалімі Бекпулат Тилевов «қола» жүлдегер атанды. Студенттер тек жеңімпаз атағын алып қана қоймай, ақшалай сыйлықтармен де марапатталды. Құттықтаймыз!

17.06.2020