ЖОО басшылары командасының басқарушылық құзыреттілігін дамыту аясында тренинг өтті

Тимбилдинг, жеке өсу, сауатты басқару шешімдерін қабылдау, прогрессивті менеджмент. Қазіргі әлемде бұл кейстер кез келген ұйымның тиімді жұмысын құру үшін қажет. М.Қозыбаев  атындағы СҚМУ өз жұмысын прогрессивті жаңдандыру бағытына яғни үнемі жетілдіруге ұмтылдырады.

Ректордың міндетін атқарушы, проректорлар, декандар және бөлімше басшылары "Жоғары оқу орны басшылары командасының басқару құзыретін дамыту" онлайн-бағдарламасы бойынша оқудан өтті.

ZOOM платформасында өткен сабақтар 2 кезеңде ұйымдастырылды. Біріншіден, жаттықтырушы Вахтанг Джапаридзе дағдарыс пен белгісіздік жағдайында ЖОО басшыларының жеке басының тиімділігін арттыру туралы ақпаратпен бөлісті. Екінші кезеңде тренинг қатысушылары ЖОО-дағы басқару қызметінің негіздері туралы
бизнес-жаттықтырушы Галина Тартышнаядан көптеген пайдалы мағлұмат алды.

Әрбір онлайн-тренингтің жалпы ұзақтығы 3 күн болды. Осыдан кейін, екі апта ішінде қатысушылар үй тапсырмаларын бекітіп, қосымша материалдарды зерделеп, есептерді шешіп, қорытынды бақылау тесттерін өткізді.

Оқыту құрылымына материалдарды тарату, сауалнама жүргізу, онлайн сұрау, қатысушылар әрбір берілген тақырыпқа мұқият шолу –жұмыстарын жүргізу сынды тапсырмалар тренинг дайындық жұмысына кірді. Барлық сабақтармен  жалпы 25 адам қамтылды.

17.06.2020