М. Қозыбаев атындағы СҚМУ логотипін әзірлеу конкурсы аяқталды

Байқауға барлығы 33 жұмыс келіп түсті, оның ішінде сарапшылар 6 үздік жұмысты таңдап алды. Конкурстың жеңімпаздары мен университет бассейніне жылдық абонементтердің иегерлері Эльвира Бейсембаева мен Олеся Халаим атанды.

Сонымен қатар, байқау комиссиясы тағы 4 қатысушының жұмыстарын атап өтіп, ЖОО бассейніне үш айлық абонементтерді берді: Ольга Югова, Абылайхан Молжігітов, Гүлмира Сәрсекеева, Ирина Шашкина. Барлық қатысушыларға қызығушылық танытқаны және белсенді қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз!

Жеңімпаздар мен лауреаттарды марапаттау рәсімінің күні мен уақыты М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың ресми сайтында www.nkzu.kz.жарияланады.  Естеріңізге сала кетейік, байқауға қатысу үшін корпоративтік түстер гаммасына сәйкес келетін "Kozybayev University" тұжырымдамасы мен құндылықтарын көрсететін логотип жасап, 31 мамырға дейін көрсетілген электрондық поштаға жіберу қажет болатын.

13.06.2020