М.Қозыбаев атындағы СҚМУ археологтары Уәлиханов ауданына зерттеу жұмыстарына аттанды

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ғалымдары мен қоса студенттері 2 жыл қатарынан  Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданындағы Береке ауылының маңындағы Қызылоба ескерткішіне 30 күнге жалғасатын археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуге аттанды.  

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті Анатолий Плешаковтың басшылығымен зерттеушілер Алтын Орда дәуіріндегі ерекше кесенелерді зерттемек. Оларға Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ғалымдары қосылады. Еске сала кетейік, 2019 жылы ашылған жаңалық әлемге Солтүстік Қазақстан даласында қалалық мәдениеттің болуы туралы түсінік берді.

Біздің археологтарды салтанатты түрде университет ұжымы жолға шығарып салды. Археологтар үшін  онда лагерь бөлінді, Уәлиханов ауданының әкімдігімен бірлесіп зерттеу және қазба жұмыстарын жүргізу үшін қолайлы жағдай жасады. Біздің 10 студентіміз өз қолдарымен ежелгі дәуірге жақындап, ежелгі адамдардың өмір сүру салты туралы көптеген жаңалықтарды біле алады.

Анатолий Плешаковтың айтуынша, ғалымдар табылған 7 мазардың біреуін қазуға үмітті. Күйдірілген кірпіштен табылған қабырғалардың қалыңдығы 1,5-2м құрайды. Оның дәлелі ретінде табылған алтын әшекейлер, киімге жапсырмалар да бар.

Экспедиция 10 шілдеге дейін жалғасады. Ең бастысы, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, Қызылоба тағы да бірнеше жаңа жаңалықтар сыйлайтынына ғалымдар күмәнданбайды.

09.06.2020