«Шертер» ансамблі «Біз біргеміз» байқауының Гран-при иегері атанды

Сіз талантты тек өз көзіңізбен ғана емес, қашықтан да таңдай аласыз. Мұны Қарағандыда өткен «Біз біргеміз» балалар, жасөспірімдер, жастар мен ересектер шығармашылығының республикалық онлайн байқауы дәлелдеді. Бұл бірінші рет өтті және Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген дарынды орындаушыларды анықтауға өз септігін тигізді.

Байқаудың гран-при иегері болып М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің фольклорлық-этнографиялық «Шертер» ансамблі болып танылды.  

Ұжым 20 жылдан астам уақыт бұрын қазақтың халықтық және кәсіби музыкасын кеңінен насихаттау, ежелгі аспаптардың үнін жаңғырту , сондай-ақ жастардың туған мәдениетімен танысу мақсатында құрылған. Бүгінде оның құрамына шамамен 20 адам кіреді. Ұжымда қазақтың ұлттық аспаптарында ойнауды үйретеді: домбыра, шертер, адырна, сыбызғы, қыл қобыз, саз-сырнай, жетіген т.б.

Ансамбльді музыкалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Жанар Мұхатаева басқарады.

Студенттік қуат пен дарындылықпен үйлескен ежелгі қазақ аспаптарының дыбысы Шертер ұжымының жетістігі болып табылады!

05.06.2020