БСҚТА рейтингі: М. Қозыбаев атындағы СҚМУ – ҚР Ең үздік көпсалалы ЖОО қатарында

Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында жоғары оқу орындары арасындағы бәсекелестікті дамыту қажеттігін атап өтті. Бұған қол жеткізу құралдарының бірі жоғары оқу орындарының рейтингтерін және олардың білім беру бағдарламаларын жүргізу болып табылады.

2008 жылдан бастап Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (БСҚТА) халықаралық ранжирлеу стандарттарына негізделген Қазақстанның үздік жоғары оқу орындары рейтингісінің нәтижелерін жариялайды.

Оның нәтижесі бойынша М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Қазақстанның көп салалы үздік университеттерінің қатарына енді. Ал қазақстандық жоғары оқу орындарының web-сайттарының рейтингісі бойынша сайтымыз 6 орынды иеленді.

Зерттеу дәстүрлі түрде бірнеше индикаторларды қамтиды: студенттер контингентінің әртүрлілігі, олардың оқу нәтижелері, академиялық кадрлар, ҒЗЖ және инновациялық жұмыс, халықаралық ынтымақтастық, ақпараттық қамтамасыз ету. Биылғы жылы бағалау критерийлеріне түлектерді жұмысқа орналастыру нәтижелері қосылды. Сарапшылар мен жұмыс берушілер тарапынан беделдік бағалардан басқа, қосымша критерийлер енгізілген: осы кезде ЖОО-да оқитын студенттер мен түлектердің бағасы.

Сарапшылар жоғары оқу орындары ұсынған, сондай-ақ статистикалық мәліметтер мен көрсеткіштер бойынша тәуелсіз көздерден алынған деректерді қарайды. Компаниялардың, ұйымдардың және жұмыс берушілер қауымдастықтарының атына электрондық пошта арқылы 2 500-ден астам сауалнама жіберілді, толтырылған сауалнамалардың 20%-дан астамы алынды. Сондай-ақ министрліктер мен әкімдіктерге курьерлік пошта және Агенттіктің сайтында онлайн-сауалнама арқылы сауалнама жүргізілді.

Үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі талапкерлерге көмектесуге, университеттер арасында бәсекелестікті дамытуға, оларды өз қызметін жетілдіруге ынталандыруға бағытталған.

iqaa-ranking.kz сайтының ақпараты бойынша

04.06.2020