М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да Смағұл Сәдуақасовтың 120 –жылдығына арналған онлайн -конференция өтті

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасовтың 120-жылдығына арналған «Алаштың ардақты ұлы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті. Конференцияға жан-жақтан жиналған Смағұлтанушылар, елімізден,  және шетелден профессорлар ғалымдар,  университетіміздің оқытушылары мен студенттерінің  бас қосуымен өткізілген ауқымды іс-шаралардың бірі.  Алаштың біртуар азаматының еңбектерінің құндылықтарын насихаттау жолында қазіргі күні және атқарылған жұмыстар туралы құнды баяндамалар жасалды.  

Кездесу шымылдығын Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы-  Кемел Оспанов СҚО әкімі Құмар Ақсақалов Іргебайұлының құттықтау сөзімен басталды.   

Ақжар ауданы Жарқын ауылында дүниеген келген Смағұл Сәдуақасовтың жүріп өткен жолы айырықша тереңде жатқан, ұлылардың бірі келер ұрпақтың мақтанышы болмақ. Небәрі 33 жыл ғұмырында қазақтың мәдениетін, әдебиетінің дамуына ерекше таңба қалдырғандар қатарында.

Биылғы жылы СҚО-дағы жалғыз білім  беретін,  ғылым мен білімнің ошағы атанып отырған Жоғары оқу орнында жерлесіміз Смағұл Сәдауақасовтың 120-жылдығына орай өткізілген халықаралық ғылыми онлайн –конференцияда біраз жұмыстардың жоспары талқыланды. Соның бірі Петропавл қаласының бір көшесінің Смағұл Сәдауақасовтың есімін беру алдыңғы қатардағы атқарылатын жұмыстардың бірі болмақ.

29.05.2020