XII Республикалық пәндік олимпиада

          2020 жылдың 21-22 мамырында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу" білім беру бағдарламасы бойынша ЖОО студенттері арасындағы XII Республикалық пәндік олимпиада өтті.Олимпиада студенттердің оқу-танымдық және оқу-зерттеу жұмыстарын ынталандыруға бағытталған.

        Олимпиадаға 15 команда қатысты.

        М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін танытқан педагогикалық факультетінің "Нұрсәт" командасының студенттері (Абдырахман Алида, 2курс; Аймырзаева Замира Асқарқызы, 3курс; Джазбаева Альмира Бакитбековна, 3курс; Кеңесбек Ақпейіл Абзалқызы, 3курс) қатысып, "Ең үздік панорамалық оқу қызметі" номинациясы дипломымен марапатталды.

       Құттықтаймыз! Білімде сәттілік тілейміз және сендерге сенеміз!

24.05.2020