М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да мәдениет күндерінің аяқталуы

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» 25 жылдық мерейтойына орай М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да өткізілген мәдениеті күндері әзірбайжан мәдениетінің кешенді іс-шараларымен аяқталады. 2019 жылдың қыркүйегінен 2020 жылдың мамырына дейін М. Қозыбаев атындағы СҚМУ базасында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы мәдениет күндері аясында – қазақ, неміс, үнді, армян, татар, орыс, украин, поляк және әзірбайжан халықтарының тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрлері бойынша білімдерін кеңейтуге мүмкіндік беретін мазмұны мен формасы бойынша түрлі іс-шаралар өткізді.

Поляк және әзірбайжан мәдениетінің күндерін өткізу онлайн-форматта ұйымдастырылды.

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері үшін әзірбайжан мәдениеті күндері аясында университет оқытушылары Зылыйха Бимаканова, Людмила Гривенная, Наталья Шевелева «Халықтану» курсы бойынша 3 тілде (қазақ, орыс және ағылшын) Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы әзірбайжан мәдени орталығының төрағасы Шынғыс Курбановтың және «Шет тілдері» кафедрасының оқытушысы Лейла Алекберованың қатысуымен онлайн-дәріс өткізді. «Қазақстанның діндері мен этностары: тарихы және қазіргі заман» курсы бойынша 2 тілде (қазақ және орыс тілдерінде) «СҚО Ішкі саясат басқармасы» КММ «Қоғамдық даму және ақпарат орталығы» КММ қызметкерлері дәріс оқыды. Барлығы 395 студент қамтылды.

Жалпы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылды күшейту бойынша ЖОО-ның жаңа тұжырымдамасының арқасында студенттер өздерінің этникалық бірегейлігіне, белгілі бір этникалық топ және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен қарым-қатынас жасауға, өзінің бірегей мәдениетін кең аудиторияға ұсынуға мүмкіндік алды. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да мәдениет күндерін өткізу қатысушыларды кеңінен қамтыды – 5 мыңнан астам студент.

Студенттердің пікірі бойынша, алдағы уақытта Қазақстанда тұратын және М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да оқитын жаңа этникалық топтар туралы ақпаратпен толықтыра отырып, «Халықтану» және «Қазақстанның діндері мен этностары: тарих және қазіргі заман» интерактивті лекторияларын сақтау қажет.

18.05.2020