«Түлек-2020» бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтуде

Түлектерді жұмысқа орналастыру университет жұмысының тиімділігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.  М.Қозыбаев атындағы СҚМУ түлектерін жұмысқа орналастырудың негізгі нысандары: кәсіби тәжірибе нәтижелері бойынша жұмыспен қамту, студенттерді бос жұмыс орындары бойынша бөлу, «Түлектер жәрмеңкесі» арқылы жұмысқа орналастыру, студенттердің өз бетінше жұмыспен қамтылуы қарастырылады.

Бүгін М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да  жыл сайынғы дәстүрлі «Түлек 2020» бос  жұмыс орындарының жәрмеңкесінің бірінші күні өтті. Оның мақсаты- ағымдағы жылдың түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және түлек пен жұмыс беруші арасындағы өзара әрекеттесуді оңтайландыру болып табылады. Болашақ жұмыс берушілермен кездесуге мүмкіндік беретін іс-шара биыл ерекше форматта өтуде. Карантинге байланысты жәрмеңке қашықтықтан 18 мамырдан бастап 22 мамырға дейін "BigBlueButton" және "Zoom"платформасында өтеді.

"Түлек-2020" бос орындар жәрмеңкесіне қатысуға СҚО және Петропавл қаласының 100-ден астам білім беру мекемелері шақырылды. Жәрмеңкеге СҚО Білім басқармасы персоналды басқару жөніндегі бас маманы Ж. А. Айтхожина және аудандық білім бөлімдерінің өкілдері қатысты.

Онлайн-кездесуге 206 қатысушы қатысты. Мектеп директорлары жұмыс мүмкіндіктері мен еңбек жағдайлары туралы түсіндіру ақпаратын берді. Биылғы жылы күндізгі оқу бөлімін 789 студент тәмамдайды, оның ішінде 313- і "Білім" бағыты,  190- "Техникалық ғылымдар және технологиялар", 101- "Әлеуметтік ғылымдар, "Экономика және бизнес", 56- "Ауыл шаруашылық ғылымдары", 33- "Жаратылыстану ғылымдары", 65- "Құқық"бағыттары бойынша жас мамандар қолдарына дипломдарын алады.

Бүгінгі күнге алдын ала бөлу қорытындысы бойынша 2020 жылғы түлектердің 51% - ы болашақ жұмысқа орналасу орнына бөлінген, түлектердің 49% - ы жұмысқа орналасуға мұқтаж. Университет бүгінгі күні және одан кейінгі жәрмеңкелерде түлектердің басым бөлігі болашақ жұмысқа орналасу орнын анықтайды деп үміттенеді.

18.05.2020