Сөздәйектер галереясы
Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ жайдарманшылары - ҚР Жоғары лигасында
ЖОО тарихында алғаш рет М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың көңілді тапқырлар құрамасы "Союз КВН Казахстана" республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтетін мемлекеттік тілдегі "Жайдарман" ҚТӘ жоғары лигасына шықты!
1/8 ойын конгресс-холл сахнасында еліміздің әр аймағынан 7 команда жинап, республикалық телеарналар арқылы көрсетілді. Солтүстікқазақстандықтар Семей, Маңғыстау, Ақтөбе, Орал қалаларынан келген ойыншылармен дәстүрлі ҚТӘ-лық байқауларында: сәлемдесу және үй тапсырмасы бойынша сынасты.
Біздің "Бес жаңалық" командасы оқу ордамыздың студенттері мен Студклубтың қатысушыларынан құралған. Жалынды әзіл-оспақ, дәл әзіл, әртістік - бұл өнерлер жігіттерді әрқашан алға шығарды. Олар университеттік Лигада да чемпион атанған.
Осы жолы да жігіттер өздерін жақсы көрсетіп, ең көп ұпай жинай алды. Енді "Бес жаңалық" құрамасы ойынның келесі кезеңі - 1/4 финал күтуде! Біздің жайдарманшыларға сәттілік, таусылмайтын қуат және шығармашылық табыс тілейміз!
