Халықаралық ынтымақтастық

Халықаралық ынтымақтастық агротехнологиялық факультеттің дамуының басым бағыттарының бірі және білім сапасын қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады. Факультет Израиль, Италия, Қытай, Польша, Германия, Ресей және басқа елдердің агрокомпанияларымен және оқу орындарымен тығыз байланыста.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі - тәжірибе алмасу, шетелдік мамандар мен өндірушілерді оқу процесіне тарту болып табылады.

Қашықтықтан оқытуға көшу - барлық мүдделі тұлғалардың онлайн-кездесулеріне қосымша мүмкіндіктер туғызды.

10 мамырда "Тәжірибелік қолдануға арналған тамшылатып суару принциптері» тақырыбында "Agri Mechanization and Technology" компаниясының кеңесшісі (Израиль), PhD доктор Юрий Озиранский дәріс оқыды. Біздің спикер туралы қысқаша: Машав агенттігінде 16 жыл жұмыс істеген - Израиль Мемлекетінің Сыртқы істер Министрлігі жанындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі агенттік, компаниялардағы өндірістік жұмыс тәжірибесі (10 жылдан астам), қазіргі уақытта сумен қамтамасыз етумен байланысты қызмет, маман-техник – консультациялық сүйемелдеу және Израиль, ТМД елдері фермерлерін оқыту және т. б.

12.05.2020