Вебинарларға қатысу

30 сәуір Агротехнологиялық факультетінің ПОҚ мен "Агрономия" ББ 3 курс студенттері вебинарларға қатысты. А-17 қ тобы Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтының мемлекеттік тілде өткізген тікелей эфирге қатысты. Тақырыбы: "Жоңышқа мен түйежоңышқа өсіру технологиясы". Спикер: Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының "Күріш селекциясы және күріш дақылдарының ауыспалы егістері" бөлімінің аға ғылыми қызметкері -Өмірзақ Аймұхамбетов. Эфир кезінде спикер жоңышқа мен түйежоңышқа өсіру технологиясын топырақ дайындаудан бастап жинауға дейін толық айтып берді.

Ал, А-17 тобының студенттері және факультеттің ПОҚ Қазақстан-Неміс университеті Досым Сәтпаевтың жеке қорымен бірлесіп өткізген "Қазақстандағы жердің тозуы: қауіптер мен шешімдер" атты вебинарға қатысты.

Сарапшылар "Қазақстандағы жердің тозуы: себептері, салдары және шешу жолдары"," Адамдардың денсаулығы үшін топырақтың тозуының мәні"," Топырақтың тозуын картографиялау принциптері және мәселелерді шешу» тақырыптарында баяндамаларын ұсынды.

Вебинардың соңында сарапшылар қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. Баяндамалар профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларға қызықты әрі пайдалы болды.

12.05.2020