Ардагерлерге алғыс

Ұлы Отан соғысы жылдары біздің оқу орны үшін, еліміз үшін де ауыр сынақ болды. Оқытушылар мен студенттер өз еркімен майданға аттанды. Жеңіс үшін денсаулық пен өмірге өкінбеді. Әйелдер мен балалар тылда аянбай еңбек етіп, барлық күш-жігерін жұмсады. Олардың орасан зор еңбегі жауынгерлерді қажетті заттармен қамтамасыз етті.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ өз батырларын еске алып, құрметтейді. Университетте Отан үшін ұрыс даласында шайқасқан ардагерлердің тірі қалмағанын қайғы-қасіретпен атап өтеміз. Бірақ біз ҰОС жылдарында еңбек ардагерлерінің замандастары болып табыламыз. Үлкен қамқорлықпен және жылулықпен оларға мұқият қараймыз. Соғыс басталғанда олар балалар болса да, ересектермен бірдей еңбек етті. Кейіннен олардың барлығы ұзақ жылдар бойы туған ЖОО-да жұмыс істеді: оқытушылар, профессорлар, қызметкерлер. Олардың әрқайсысы-біздің мақтанышымыз.

Богомолов Михаил Александрович
Горбунова Тамара Николаевна
Гуляева-Лебедева Галина Федоровна
Жолболсынова Әмина Сыздыққызы
Косых Михаил Федорович
Кривега Валентина Сергеевна 
Лебедева Нина Ивановна
Раскатова Алевтина Алексеевна
Сошникова Федосья Семеновна
Солянин Владимир Анисимович
Усманова Фаузия Камаловна
Яворская Вера Никитична

Университет делегациясы ректордың м.а. Ербол Исақаевтың басшылығымен, оқу ордамыздың еңбек ардагерлеріне барды. Олар әр адамға тек гүлдер ғана емес, алғыс сөздер де, ақшалай қаражатты да сыйға тартты. Төрт ардагерге РФ Президентінің Жарлығы бойынша Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған мерейтойлық медаль табыс етілді. Алайда, олар үшін ең бастысы-туған университеттің көңіл-күйі мен қолдауы. Жас ұрпақтың қамқорлығы мен құрметі. 

Біз барлықтарыңызды Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Денсаулық, ашық аспан, достық және халықтың бірлігін тілейміз!

09.05.2020