Орыс тілі мен әдебиеті бойынша студенттік республикалық пәндік олимпиада

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде орыс тілі және әдебиеті пәнінен республикалық олимпиада өтті. Аталмыш шараға М. Қозыбаев атындағы СҚМУ «Орыс тілі мен әдебиет» кафедрасының студенттері ат салысты.

Республикалық білімділер бәйгесіне еліміздің түкпір-түкпіріндегі ЖОО-дан 3 студенттен құралған командалар қатысты. Сайыс алғаш рет онлайн-форматта ұйымдастырылып, үш кезеңнен тұрды.

I кезең орыс тілі пәні бойынша жазбаша түрде өтті. Яғни қатысушылар бұл айналымда мәтінді кешенді лингвистикалық талдап, жүйелік-құрылымдық және функционалдық тіл білімі тұрғысынан тілдік бірліктерді талдап, мәтіннің тарихи түсініктемесін жасады. II кезең жазбаша әдебиет пәні бойынша болды. Онда студенттер орыс суретшілерінің өмірі мен шығармашылығына арналған эссе жазып, мерейтойлары ағымдағы күнтізбелік жылда аталып өтетін сөздерді табулары қажет етілді. III кезең шығармашылық байқаудан тұрды. Бұл кезеңде білім алушылар электронды форматта "Визитка" үй тапсырмасын дайындады.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеке біріншілікте университетіміздің «Орыс тілі мен әдебиет» кафедрасының студенті жүлделі 1-орынға Алена Гусаева ие болды. Ал бұл кафедраның 3-курс студенті Алина Курманова 2-орынға табан тіреді.

05.05.2020