Бірегей экспонаттармен танысайық

2020 жылдың 30 сәуірінде М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттеріне арналған «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Бірегей экспонат/құжат» атты қашықтықтан презентациялар байқауы өтті.

Байқау туған өлкенің тарихына қызығушылық танытқан студенттерді анықтау және қолдау, өлкетануға деген танымдық қызығушылықты ынталандыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында өткізілді.

Байқауға М. Қозыбаев ат. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 6 факультетінен: АФ, ТжӘИ, ПФ, ТЭжҚ, МжЖҒФ, ИжСТФ 20 студент қатысты.

13 студенттік жұмыста энеолит дәуіріндегі ботай мәдениетінің экспонаттары, сақ дәуіріндегі жерлеу және қазіргі заманғы мәдени-тарихи ескерткіштер туралы ақпарат ұсынылды.

Байқау жеңімпазы және жүлдегерлері:

1 орын:

  • Лошакова Валерия,  «Шет тілдер» оқу бағдарламасының 1 курс студенті, ТжӘИ.

2 орын:

  • Иванова Елена, «Шет тілдер» оқу бағдарламасының 1 курс студенті, ТжӘИ.
  • Каликенова Кунбопо, «Экология» оқу бағдарламасының 3 курс студенті, МжЖҒФ.

3 орын:

  • Каиржанова Зарина, «Құқықтану» оқу бағдарламасының 2 курс студенті, ТЭжҚФ.
  • Ескендиров Данияр, «Құқықтану» оқу бағдарламасының 2 курс студенті, ТЭжҚФ.
  • Рахаева Гаукария, «Дене шынықтыру және спорт» оқу бағдарламасының 1 курс студенті, ПФ.
  • Садыкова Динара, «Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық» оқу бағдарламасының 1 курс студенті, ПФ.
  • Нуркенова Фатима, «Дефектология» оқу бағдарламасының 1 курс студенті, ПФ.

Жақсыбай Ханшабибі, «Мәдени-тынығу жұмысы» оқу бағдарламасының 1 курс студентінің жұмысы алғыс хатпен атап өтілді.

Байқау комиссиясының мүшелері тарихи экспонаттармен және құжаттармен танысу үшін мұражайлар мен мұрағаттардың ресми сайттарын пайдалануға, сондай – ақ осы байқауды Петропавл қаласы және СҚО оқушылары үшін өткізуге тілек білдірді.

30.04.2020