ZOOM алаңында республикалық вебинар өтті

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың педагогикалық факультетінің ZOOM алаңында «Психолого-педагогическое образование в условиях беспрецедентного вызова времени» тақырыбы төңірегінде  республикалық вебинар өтті.

Республикалық вебинарға Абай атындағы ҚазҰПУ (Алматы), Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ (Қарағанды), ТарМПУ (Тараз), ОҚМПУ (Шымкент), докторанттары мен магистранттары және студенттері сонымен қатар, (М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж) жұмыс берушілер өкілдері қатысты.

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың ПФ деканы Амангелді Иманов ТЖ жағдайында қашықтан режимде білім алушылардың психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуі туралы айтып берді. Сонымен қатар, іс-шарада карантин кезеңінде әлеуметтік оқшаулау және депривация жағдайында студенттер мен магистранттардың оқу іс-әрекетінің ерекшеліктері, қашықтан оқытуға көшу жағдайында педагогтарды психологиялық қолдау және басқа да өзекті тақырыптар талқыланды. Вебинардың қорытындысы бойынша қарар қабылданды.

29.04.2020