"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.

К.Д.Ушинский

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ тарапынан зейнеткерлерге азық-түлік таратылды

Бүгінгі таңда Петропавл қаласы аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қала халқының осал топтарына жан-жақты әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары жүріп жатыр. Осыған орай М.Қозыбаев атындағы СҚМУ "Nur Otan" партиясының бастамасын қолдап, Bizbirgemiz акциясына қосылды.

Бүгін университет әкімшілігі "Nur Otan" партиясы өкілдерімен бірлесе шаһарымыздың 50-ге жуық зейнеткерлеріне азық-түлік таратты. Қайырымдылық қоржынында бірінші кезекте қажетті тауарлар, маска мен антисептикалық сұйықтық сынды тұрмыстық химия өнімдері де болған. Осының бәрі университет есебінен сатып алынды.

Тиісті тауарлар мекенжайға байланыссыз әдіс арқылы үлестірілді. Атап өткен жөн, аталмыш шара сәуірдің 18-не дейін жалғасын таппақ.

16.04.2020