«Солтүстік Қазақстан облысындағы орман ресурстарын дамыту» онлайн-форматтағы дөңгелек үстел

07.04.2020 ж. ZOOM платформасында ғылым декадасы шеңберінде (01-10.04.2020 ж.) "Агрономия және орман шаруашылығы" кафедрасының ПОҚ және студенттері "Солтүстік Қазақстан облысындағы орман ресурстарын дамыту" онлайн-форматында дөңгелек үстел өткізді (модератор Савенкова И. В.).

Дөңгелек үстел жұмысына ПОҚ өкілдері (АФ деканы А. С. Шаяхметова, "Агрономия және орман шаруашылығы" кафедрасының меңгерушісі М. Т. Тоқтар, магистрлер Е. М. Қаспақбаев, Г. М. Шахметова, А. В. Новикова, У. Р. Штокер) және ОП 6В08301 Орман ресурстары және орман шаруашылығы (ЛРЛ-18к және ЛРЛ-19 оқу топтары) қатысты.

Орман мәселесі бойынша баяндама жасады:

Есімбек Ақбота (ЛРЛ-18-1қаз) – «Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи бағы Ақсай филиалындағы орман екпелерінің
жерсінуі мен тәлімбақтағы сеппелер мен тікпелердің жағдайы»

Штукерт Светлана (ЛРЛ-19) – Лесные пожары. Пожароопасные сезоны в ЛХ СКО.

Жантаева Жұлдыз (ЛРЛ-18-1қаз) – «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орманшылықтарындағы орманның
жанғыш материалдарының жиналу динамикасы

Көбеген Мирас - (ЛРЛ-18-1қаз) – «Қайың ағашынан шырын алу»

Әмірхан Айдос - (ЛРЛ-18-2қаз) – «Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі”
атқарған жұмыстары»

Жамиева Аймереке - (ЛРЛ-18-1қаз) – «Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік
мекемесінің орманшылық жұмыстары»

Қорытынды сөзінде аға оқытушы Е. М. Қаспақбаев қаралған мәселелердің өзектілігін, білім алушылармен онлайн қарым – қатынастың жаңа форматында жұмыс жүргізудің маңыздылығын және баяндамашылардың жақсы дайындығын атап өтті.

07.04.2020