М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да Халықаралық әйелдер күні тойланды

8 наурыз - көктемнің жылы шуағы, қуанышты және жарқын, күндеріміздің сәулесі астында табиғатпен бірге өмірге келеді.

Бұл күндері мерекелік атмосфера да университет шаңырағының астында өтіп жатыр. Өйткені, университет қызметкерлерінің 70%  әйелдерді құрайды. Олар әртүрлі бағыттарда сәтті жұмыс жасап,  студенттерге сабақ береді, құжаттар мен бухгалтерлік есепті жүргізеді, ұжымның денсаулығына қамқорлық жасайды, кітап қорын сақтайды, тазалық пен тәртіпті сақтайды. Бұл болашақ мамандарға бағыт берудегі күнделікті тіршілік.

Ректорат жиналыста М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректорының м.а. Ербол Исақаев сұлу ханымдарды құттықтап, олардың жемісті қызметі үшін үлкен алғысын білдірді, әйелдерге бақыт пен өркендеу тіледі!

Білім саласындағы көп жылғы адал еңбегі үшін және Халықаралық әйелдер күніне байланысты Манаш Қозыбаев медалімен қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Жанар Күлібековаға, «Биология» кафедрасының оқытушысы Әйгерім Нүсіповаға, және денсаулық орталығының жалпы тәжірибелік дәрігері Салтанат Сақтағанова табысталды. Сонымен қоса, тағы 25 қызметкердің белсенді жұмысы үшін ректордың алғыс хаттарымен марапаттады.

06.03.2020