"Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" атты қалалық пікірсайыс турнирі

Көктемнің алғашқы күні университетімізде "Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" атты қалалық пікірсайыс турнирі өтті. Оны «Sanaly urpak» жобалық кеңсеміз "Қазақстанның болашағы үшін" ҚБ-мен бірлесіп ұйымдастырды. Жарысқа 6 команда қатысты. Сөз шеберлері "жемқорлық" тақырыбы бойынша Британдық парламенттік форматта жарысты.
Турнир қорытындысы бойынша қазақ және орыс тілдерінде лигадағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Қазақ лигасы:
1 орын
- Магазов Арман, Амангелді Әділ (НЗМ);
2 орын - Аяулы Арив, Ақмырза Ұлдана (М. Қозыбаев атындағы СҚМУ);
3 орын - Нұри Өркенбек, Жазитова Самира (С. Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия).

Орыс лигасы:
1 орын
- Ибраев Алихан, Тасжанов Абзал ("Білім-инновация" лицейі мен Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі оқушыларының біріккен командасы);
2 орын - Темірова Жамиля, Негмеджан Әлімжан (М. Жұмабаев атындағы жоғары гуманитарлық колледж жанындағы лицей);
3 орын - Ким Диана, Торсанова Алия ("БЭСТ" гимназиясы).

04.03.2020