Сөздәйектер галереясы
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Петропавл қаласының мектептерінде кәсіптік бағдар беру жұмысы
10.02.2020 жылы Агротехнологиялық факультеттің «Агрономия және орман шаруашылығы» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында Петропавл қаласының 2 мектебіне барды: №24 орта мектеп және С. Шәймерденов атындағы классикалық гимназия.
Кездесу барысында оқушыларға университетке түсу ережелері, ауыл шаруашылық мамандықтарының беделі, студенттік өмір, оқу үдерісі туралы слайд көрсетіліп, факультет зертханалары көрсетілді.
Балаларды шетелде тәжірибеден өту мүмкіндігі қызықтырды.
