Обыр ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алу тәсілдерін ЖММ студенттері білді

4 ақпан-Дүниежүзілік онкологиялық ауруларға қарсы күрес күні. Оның мақсаты - обыр туралы хабардарлықты арттыру, оның алдын алуға, анықтауға және емдеуге назар аудару.

Жоғары Медицина Мектебі әр түрлі мамандықтағы студенттерге обырдың пайда болу себептері, диагностика және терапия тәсілдері туралы дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оған болашақ дәрігерлер де белсенді қатысты. Студенттер баяндамалар дайындап, пікірталастар өткізді,сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты. Ал Үндістаннан 100-ге жуық студент білім алып жатқандықтан дөңгелек үстел ағылшын тілінде болды. 

Болашақ дәрігерлер үшін онкология тақырыбы өте өзекті және педагогтардың міндеті осы ауруды емдеудегі соңғы трендтер туралы студенттерді барынша ақпараттандыру болып табылады. Ғылымға танымал 200 обыр түрі бірдей емес, оларға қарсы бірінші қару– ақпараттылық, деп санайды дөңгелек үстел қатысушылары. Ісіктердің қандай түрлерін сәтті емдеуге болатынын, жағдайдың қолайсыз дамуын болдырмау үшін қандай симптомдарға назар аудару қажет және бейінді мамандарға жиі бару қажет екенін білу маңызды.

 

07.02.2020