М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері білім және ғылым Қазақстан кәсіподағының отырысында

Нұр-Сұлтан қаласында білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстан кәсіподағы жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы өтті. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Сергей Кламм Солтүстік Қазақстан облыстық жастар кеңесінің төрағасы ретінде шақырылды.

Өткен жылды қорытындылай келе, жастар кеңесі мүшелері бір-бірін тыңдап, пікір алмасты және 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті. Жиналысты кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Әлия Абиева ашты. Күн тәртібінде әлеуметтік желілердегі жұмыстар, Халықаралық археологиялық лагерьге қатысу, жас оқытушыларға арналған республикалық жазғы лагерьдің ұйымдастырылуы мен форматы, сондай-ақ Кеңес төрағасы мен орынбасарларын сайлау мәселелері болды.

Сондай-ақ, шара аясында PR, әлеуметтік желілер мен онымен байланысты ақпарат туралы брифинг өткізілді. Отырыс соңында Республикалық жастар кеңесінің төрағалары мен орынбасарлары сайланды.

16.01.2020