М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-ға LOGO неміс компаниясының өкілі келді

LOGO қоғамдық бірлестігі 1995 жылы Германияда фермерлер мен ауылшаруашылық инженерлерімен құрылған. Бүгінгі таңда бұл ұйым әлемнің әр жерінен келген ауылшаруашылық мамандықтары студенттерінің Германияның экологиялық агроформаларында алты айлық тәжірибеден өткізеді.

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ АФ студенттері 7 жылдан бері бұл мүмкіндікті сәтті пайдаланып келеді. Тыңдаушылар кәсіпорындарда жұмыс істейді, жалақы алады, көп саяхаттайды сонымен қатар жаңа достар табады. Олар үшін тамақ пен тұру ақысыз, визалық қолдау да қарастырылған. Студенттер жыл сайын ТМД-дағы ең үздік шетелдік студенттердің ондығына кіреді.

Біздің университетке LOGO өкілі Кристиан Гебхарт келді. Тәжірибеден өту үшін шетелге барғысы келетіндерді іріктеді. Барлығы 10 үміткер қатысуға өтінім берді. Кәсіби саладағы білімдерден басқа, олардың Германияның мәдениеті мен тарихы саласындағы жалпы білімі, сонымен қатар неміс тілін білу деңгейі тексерілді. Айтпақшы, университетте LOGO бағдарламасын пайдаланғысы келетін студенттер үшін арнайы лингвистикалық курстар тегін өткізіледі. Студенттердің қайсысы сынақтан өтетіні ақпан айында, ақырғы сырттай іріктеу кезеңі өтетін кезде белгілі болады.

26.12.2019