"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ.

Л.Н. Толстой

Қазақстан Республикасындағы Бельгия Корольдігінің Елшілігі кеңесшісінің сапары

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да жұмыс сапарымен Бельгия Корольдігі Елшілігінің экономикалық және сауда кеңесшісі Айжан Мұсақанова болып қайтты. Кездесуде жоғары оқу орнының басшылығымен және профессорлық-оқытушылар құрамымен векторларын талқылады.

Қонақтар біздің университет туралы презентациялық материалдарды ұсынды, жетістіктер, интеграциялық жұмыстар, ғылыми зерттеулер туралы әңгімеледі. Сондай-ақ Айжан Мұсақанова «Erasmus+» жобалық кеңсесінің қызметімен танысты. Мұнда Еуропалық Одақтың осы бағдарламасы аясында ғалымдардың 5 жобасы жүзеге асырылуда.

Жалпы, біздің альма-матер білім беруді интернационалдандыру бойынша үлкен жұмыс атқарды: 30 мемлекеттің ұйымдары мен жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы 150-ден астам келісім-шарт жасалды.

18.12.2019