"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті – этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық байқауының жеңімпазы

Чинишлов Вячеслав, тарих, экономика және құқық факультетінің «Журналистика» мамандығының 2 курс студенті, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының студенттік ғылыми қоғамының көшбасшысы. 2019 жыл бойы облыстық басылымдарда этносаралық және конфессияаралық қатынастар мен Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы сараптамалық материалдарын мерзімді түрде жариялады. Бұл материалдар этножурналистика саласындағы республикалық «Шаңырақ» конкурсының облыстық кезеңінің «Ассамблея қызметінің жаңа бағыттары мен жобаларын ашатын үздік материал» номинациясына қатысуға негіз болды.

2019 жылғы 11 желтоқсанда Достық үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының форумында В. Чинишлов салтанатты түрде І дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

13.12.2019