“Ұлы халықтың - ұлы Абайы” атты аймақтық әдеби-сазды кеші

Қараша айының 28 күні М.Қозыбаев атындағы  Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған “Ұлы халықтың - ұлы Абайы”  атты аймақтық әдеби-сазды кеші өтті. 

Әдеби-сазды кештің мақсаты –Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

Әдеби-сазды кешке СҚМУ-дың күндізгі оқу бөлімінің студенттері,Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының курсанттары, Өнер колледжінің студенттері қатысты. Ал кешіміздің қадірлі қонақтары Қазақстан РеспубликасыҰлттық ұланы Әскери институтының Тілдік дайындық кафедрасының  профессоры Ақмарал Саркенқызы және Республикалық, Халықаралық ән байқауларының лауреаты, СҚО Филармониясының әншісі, Өнер колледжі «дәстүрлі ән» сыныбының ұстазы Есжанов Біржан болды. Іс-шараға қатысушылар Ұлы ақынның өлеңдерін, қарасөздерін мәнерлеп оқып, әндерін шырқап, би билеп, ақынға өз арнауларын арнады. Ұлы Абайға арналған поэзиялық кеш соңында барлық қатысушылар  алғыс хаттармен марапатталды.

03.12.2019