Білім ордамызға ҚР Премьер-министрінің орынбасары келді

22 қарашада Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, сондай-ақ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин және СҚО әкімі Құмар Ақсақалов М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да облыс жастарымен  «open-talks»  алаңында әңгімелесті.

Іс-шара барысында делегация біздің университетіміздің этнографиялық және археологиялық экспедицияларымен ғалымдарының зерттеу қызметі нәтижесінде алынған тарихи-мәдени мұрамен таныстырылды.

Мәселен, шаһарымызда жастарға қиындық туғызатын проблемалардың бірі тұрғын үй мәселесі, «Серпін» бағдарламасы студенттерінің темір жол көлігімен жүру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облысымызда алда атқарылу керек жобаларда кездесетін қиындықтарды жиын барысында талқыға салды.

«1 желтоқсанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу болады, сіздердің барлық қойған сұрақтарыңызды айтып, шешілу жолдарын қарастыратын боламыз»,- деді Бердібек Машбекұлы.

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов келесі жылы Петропавлда М. Қозыбаев атындағы СҚМУ 12 қабатты жаңа оқу-зертханалық кешенінің құрылысы басталатынын хабарлады. Қазіргі заманғы барлық технологиялық стандартқа сай 22 мың шаршы метрі бар халықаралық деңгейдегі 89 инновациялық зертхана орналасатын болады деді аймақ басшысы.

25.11.2019