Германия мен Польшада тәжірибеден өткен студенттер шетелде алған практикаларымен бөлісті

Университетіміздің Агротехнологиялық факультеттің студенттері ағымдағы жылдың сәуірдің 26- қазанның 26 дейін «LOGO» бағдарламасы аясында Германияда және Польша еліндегі «AGROS SP.Z.o.о.» компаниясында 3 шілдеден 11 қарашаға дейін 40 студент  тәжірибеден өткен болатын. Осыған орай, қарашаның 21 университет қабырғасында аталмыш жоба бойынша шетелде практикадан өткен студенттермен кездесу ұйымдастырылды.

Жиын барысында Польша мен Германия еліндегі бастан өткен оқиғалар жайлы АФ студенттері қатарластарына өзге елде тәжірибе алудың ерекшеліктерін, артықшылығы мен кемшілік тұстарын, алған әсерлерін айтып берді.

Атап өткен жөн, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың 49 студенті 6 ай көлемінде шет елде практикадан өткен. Енді олар шараға қатысушы студенттерге Германия мен Польшадағы кәсіби  тіл меңгерулері, сабақ өткізу тәсілдері жайында сонымен қоса, студенттер өздерінің жарты жылдық тәжірибелері жайлы арнайы таныстырылымдарын слайд, шағын видеороликтрамен көрсетті.

Шараның қорытындысында факультеттің оқытушылары «LOGO», «AGROS»  бағдарламаларының беріп отырған мүмкіндіктерін толыққанды пайдалануға кеңес берді.

 

21.11.2019