Сөздәйектер галереясы
Білімді бір сауыттан екінші сауытқа құйғандай біреудің ділінен екінші біреудің діліне қотара салуға болмайды.
Журналистерге арналған тренинг өтті
20 қарашада «Журналистика» кафедрасының студенттері үшін продюссер және журналист Дарья Пешкова «БАҚ-та кәсіби шеберлікті дамыту» тренингін өткізді. Ол жиналғандарды СҚО медиа-саласымен таныстырды, танымал интернет-платформалар, баспасөз қызметтері, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл, сұхбат жүргізу туралы әңгімелесті, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар студенттермен жаңадан келген тілшілер жіберген қателіктер туралы пікірталас өткізілді.
Студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін университетке тұрақты түрде сыртқы сарапшылар шақырылады: жұмыс берушілер, нақты өндіріс секторының өкілдері, жұмыс істейтін мамандар. Студенттерді теориялық оқытудан бөлек кітаптардан таба алмайтын білімді, тәжірибе саласында жинақтау мүмкіндіктерімен бөлісті.
