"Halyktanu" интерактивті білім беру лекториясы шеңберінде ағылшын тілінде "The German" дәрісі

30 қазан күні сағат 09.30-да 2 корпустың 416 аудиториясында ОМ (А)-18-1, ОМ (А)-18-2, ОМ(А)-18-3 топтары үшін сарапшыларды тарта отырып "Halyktanu" интерактивті білім беру лекториясы шеңберінде ағылшын тілінде "The German" дәрісі оқылды.

Іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы Кафедрасы ұйымдастырды.

Дәріскер: "Шет тілдері" кафедрасының аға оқытушысы Шевелева Н. П.

Сарапшы: "Видергебурт "Солтүстік Қазақстан облыстық неміс мәдени орталығы" қоғамдық бірлестігінің президенті Э. Р. Ковзель

"The German" дәрісі Үндістаннан келген студенттерді Қазақстан Республикасындағы саны бойынша жетінші орын алатын этностың тарихымен, мәдениетімен, менталитетімен таныстырды. 

Дәріс жоспары:

1.Студенттердің назарына немістердің этногенезі, демографиясы, көші-қон үдерістері, салт-дәстүрлері, ұлттық асханасы туралы материалдар қамтылған инфографика элементтері бар презентация ұсынылды.

2.Неміс мәдени орталығы өткізетін іс-шаралар туралы фильм көрсетілді.

3.Студенттер Солтүстік Қазақстан облысында тұратын және тұрып жатқан этнос өкілдерімен танысты.

4.Сарапшы үндістерді қызықтыратын сұрақтарға жауап берді (дәріскер аудармашы болды).

Lecture      Lecture

08.11.2019