М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да «Ұлы даланың жеті қыры-болашаққа бағдар» атты конференциясы өтті

6 қарашада М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да «Ұлы даланың жеті қыры- болашаққа бағдар» аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға өңіріміздің тарихына өз үлестерін қосып жүрген жазушылар, қоғам қайраткерлері, өлкетанушылар, және университетіміздің  студенттері қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты студент жастарда қазақстандық патриотизмді, азаматтылықты, толеранттылықты, бейбітшілікті, ұлттық келісім мен рухани-адамгершілік тәрбиені қалыптастыру, сондай-ақ қазақ халқының мәдени мұрасымен таныстыру болды.

Алқалы жиында Аққайың ауданының өлкетанушысы Сансызбай Жұмабектің «Ел қорғаны-ерен батырлар туралы» баяндамасы отырған көпшіліктің қызығушылығын арттырды.  Баяндамада Қызылжар өңірінен шыққан небір аймаңдай батырлардың  ерлік ғибратты өмірлері әсерлі жазылған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының арқасында Солтүстік Қазақстан облысындағы батыр, шешен, ғалымдар туралы басқа да атқарылып жатқан жобалардың бірқатары ұсынылып, талқыланды.

06.11.2019