М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті елдегі ең үздік JASYL EL жауынгері атанды

Павлодар қаласында «JASYL EL» жастар еңбек жасақтарының XV республикалық мерейтойлық маусымының салтанатты жабылуы өтті. Солтүстік Қазақстандық штаб елдегі ең үздік деп танылды! Оның негізін біздің алма-материяның студенттері құрайды. Бір жыл ішінде 680-ден астам жастар жұмыспен қамтылды, олар 1242 гектар аумақты өңдеп, 7211 ағаш отырғызды, Петропавлдағы 15 ескерткішті қалпына келтіріп, 400 ауланы абаттандырды. Волонтерлік бөлім 250 еңбек ардагерлері мен жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсетті.

М. Қозыбаев  атындағы СҚМУ Жоғары медицина мектебінің студенті Дмитрий Пиневский республикадағы ең үздік жауынгері атанды, оны ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева марапаттады. Дмитрий Пиневский жоғары сапа пайызы және ұйымға қосқан үлесі үшін осындай құрметті атаққа ие болды.

06.11.2019