"Ұлы дала бетбұрысы" эссе байқауы

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Тіл және әдебиет институты "Практикалық қазақ тілі" кафедрасының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 8-25 қазан аралығында Елбасы Н.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын жүзеге асыру аясында "Ұлы дала бетбұрысы" тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Шараға өз бағын сынауға мектеп оқушылары (9-11 сыныптар), жоғары және орта арнаулы оқу орындарының I курс студенттері қатысты. Эссе байқауын өткізудің мақсатына сай қатысушылардың жұмыстарының өн бойынан туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімі, ұлттық рух бар екендігі айдан анық көрінеді. Қойылған талаптарға сәйкес орындалған жұмыстарды кафедра оқытушылары тексеріп, келесі жеңімпаздарды I, II, III дәрежелі дипломдармен марапаттады: 1-орын - Айсин Олжас (СҚМУ студенті), 2-орын - Изембай Жұлдызай, 3-орын - Малғаждарова Диана (М.Жұмабаев ауданы, 9-сынып оқушысы).

31.10.2019