Сөздәйектер галереясы
Тәртіпке бас иген - құл болмайды, Тәртіпсіз – ер болмайды.
Халық даналығы
Студенттер аллеясы
2019 жылдың 29-30 қазанында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың студенттік аллея аумағын көгалдандыру бойынша қорытынды жұмыстар жүргізілді. Отырғызу «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығының 2-3 курс студенттері мен «Агрономия және орман шаруашылығы» кафедрасының ПОҚ күшімен жүргізілді. Барлығы 70 шетен және 14 шырша көшеттері отырғызылды. Алма ағашының 400-ден астам көшеті СҚМУ-дың АБС аумағында орналастырылды (2020 жылдың көктемінде оларды аллеяның жасыл аймағына енгізу жоспарлануда).
31.10.2019
