Университетте Жастар жылы аясында cпорттық-баттл додасы өтті

29 қазанда  М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да Жастар жылы аясында оқытушылар мен студенттердің командалары арасында ұлттық ойындарға арналған спорттық -баттл додасы  өтті.

Іс-шара Қазақстанда тұратын этностардың мәдениеттерімен танысуға және жақындастыруға, жастар ортасында бірлік, толеранттылық, патриотизм, жауапкершілік, өзара көмек және бір-біріне деген құрмет сезімдерін тәрбиелеуге, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Жарысқа 2 команда қатысты: оқытушылар мен студенттер, әрқайсысы 14 ойыншы. Ұлттық құрамалардың қалыптасуының шарты әр түрлі, қайталанбайтын ұлттардың қатысушыларын іріктеу болды. Спорттық-баттл  бағдарламасына 11 ұлттық ойындар енген: қазақтың «Тұтқынға алу», ресейлік «Репка», беларуссиялық «Пасадка булбы», әзірбайжандық «Човган», шешеннің «Хокка Ловзар» және басқалары. Іс-шара түрлі этностарды бейнелейтін шығармашылық нөмірлермен ерекшеленді.

Күтілгендей, осындай біріктіруші турнирде достық жеңіске жетті. Барлық қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

30.10.2019