"Практикалық қазақ тілі" және "Шет тілдері" кафедраларының Тілдер апталығы аясында "Полиглот" аймақтық байқауы

"Практикалық қазақ тілі" және "Шет тілдері" кафедраларының Тілдер апталығы аясында "Полиглот" аймақтық байқауы

 

Петропавл қ. 26.09.2019 ж.

2019 жылы 26 қыркүйекте сағат 15.00-де 3 корпустың 357 аудиториясында жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері арасында Тіл және әдебиет институты базасында М. Қозыбаев "Полиглот" аймақтық байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты жастар арасында көптілділікті рухани құндылықтың негізі ретінде насихаттау, онда толеранттылыққа, мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілікке тәрбиелеу.

Сайысқа бес команда:

1) М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті (МФ-19, МФ-19к топтары);

2) ҚР ҰҰ Әскери институты Петропавл қаласы;

3) "Солтүстік Қазақстан медициналық колледжі" ШЖҚ КМК”;

4) Петропавл қ. өнер колледжі;

5) Байкен Әшімов атындағы Петропавл темір жол көлігі колледжі.

Команда құрамына 3 адам кірді. Әр команда жетекшімен келді. Байқау үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) өткізілді. Байқау бес кезеңнен тұрды:

1-тур – "Визит карточкасы".

2-тур - "Кім жылдам".

3-тур - "Жыр сандық".

5-тур - "Ұлы даланың жеті қыры".

Жалпы конкурс сәтті өтті. Қатысушылар үш тілді білу бойынша сайысқа түсті. Атмосфера барынша мейірімді болды. Жүлделі орындарға келесі қатысушылар ие болды:

I орын - Байкен Әшімов атындағы Петропавл темір жол көлігі колледжі;

II орын-Петропавл қ. ҚР ҰҰ Әскери институты;

III орын-"СҚО әкімдігінің ДСБ" КММ "Солтүстік Қазақстан медициналық колледжі" ШЖҚ КМК.

         Үш жүлделі орын алған жеңімпаздарға естелік кітаптар мен дипломдар, сондай-ақ бірінші орынға ие болған жеңімпаздарға кубок табыс етілді. Жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шара соңында барлық қатысушылармен бірлескен фото жасалды.

 

Жауаптылар:

"Шет тілі" кафедрасының аға оқутышысы     Сырымбетова Д.С.

"Шет тілі" кафедрасының аға оқутышысы     Умурзакова Т.Е. 

     

    

29.10.2019