Университетте ҚР ғалымдары «Қазақстан этникалық топтары: халықтың тарихи-мәдени мұрасына қосқан үлестері» атты диалог алаңына жиналды

25 қазанда М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде республикалық деңгейде «Қазақстан этностары: еліміздің тарихи-мәдени дамуына қосқан үлестері» атты диалогтық алаң мен «Герольд Бельгер: өмірі мен шығармашылық қырлары» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Республикалық деңгейдеге бұл шара «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциалық емес ақпараттық қоғамы мен М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің ұйымдастыруымен өткізілді. Жобаның тұжырымдамасы «Рухани жаңғыру»  мемлекеттік бағдарламасының әдістемесіне негізделген. Оқу ордамыздың төрінде бұндай сынды жиындар көптеп өткізілуде және әрқайсысының атқаратын қызметі мен мақсаты әрқилы. Соның бірі Қазақстан этностарының еліміздің даму жолына қосқан үлесі жайлы болды.

Аталмыш жиынның қыр-сырын оның мемлекетке алып келер пайдасы жайлы «Мемлекет тарихы институты» директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандиданты, доцент Амангелді Нұркейұлы Қашқымбаевта өз ойын ортаға салды. Көрнекті тұлғалардың жасалған электрондық деректер базасын талқылауға арналған диалогтық алаң, туған жері мен елінің мәдениетін дамытуға айтарлықтай үлес қосқан қазақстандық этникалық топтардың өкілдері еліміздің төрт бірлескен аймағының ғалымдарын жинауға шақырылды. Бұндай алаңдар Ақтөбе мен Өскемен қалаларында өткізілген болатын. Сарапшылардың күш-жігерін біріктіретін дөңгелек үстелге Нұр-Сұлтан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарынан ірі тұлғалар қатысты. Айта кетсек, жиынның ендігі өткізілетін нүктесі- Шымкент қаласы болмақ.

Зерттеу бассейнінің аймақтық деңгейде іске қосылуы университеттерде одан әрі зерттеулер жүргізуге, мақалалар, кітаптар шығаруға, деректі фильмдер шығаруға, тұтастай алғанда, тұлғалардың тарихына деген қызығушылықты арттыруға серпін болуы керек. Диалог алаңында алынған барлық ұсыныстар қорытынды республикалық конференцияда айтылады, сонымен қатар тиісті мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына және БАҚ жіберіледі.

28.10.2019