Экосағат

Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің бастамасымен «Экосағат» республикалық акциясы жалғасуда. Іс-шараның басты мақсаты - жастарды табиғи ресурстарды құрметтеуге баулу.

2019 жылдың 12 қазанында Республикалық экологиялық сағат аясында       М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың «6В08301 - Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығының оқытушылары мен студенттері Петропавлдағы Жеңіс саябағының аумағында шетен мен жөке ағашы көшеттерін отырғызуға «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» КММ басшылары мен мамандарымен және «Солтүстік Қазақстан облысы орман және аңшылық аумақтық инспекциясы» РММ басшылары мен мамандарымен бірге қатысты.

 

14.10.2019