Білім ордамызда «ерікті дәрігерлер» атты пилоттық жобаның презентациясы өтті

10 қазанда М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің конференция залында жоғары медицина мектебіне арналған «Ерікті-дәрігерлер» атты пилоттық жобаның презентациясы өтті.

Презентация нақты бірнеше мақсаттарды көздеді. Олар:

-Денсаулық саласындағы еріктілерді дамыту;

-Халықтың медициналық білімін арттыру;

-Денсаулық сақтау саласының әлеуетін арттыру;

-Патриоттық өзін-өзі тануға және белсенді азаматтыққа тәрбиелеу позицияларын дамыту;

Қазақстанда алғаш рет «Ерікті-дәрігерлер» жобасы басталды, оған Медицина ғылымдарының жоғары мектебінің студенттері қатысты. Бұл халықты әртүрлі аурулардың алдын алу туралы кеңінен ақпараттандыруға, медициналық мамандықтардың беделін көтеруге, денсаулық сақтау саласы үшін кадрлық ресурстарды қалыптастыруға ықпал етеді.

«Әзірге пилоттық жобадан бастап, тек 10 «ізашар» біліктілікке ие бола алады», - деді жобаның координаторы Рүстем Арманов. Білікті дәрігерлер мен реабилитологтар балаларға алғашқы көмек көрсетуге, физиотерапия әдістерін қолдануға үйретеді. Еріктілер алдын алу шараларын да жүргізеді.

Дөңгелек үстелде қатысушылар әңгіме барасында бірнеше міндеттерді қозғады. Оның ішінде, СҚО-дағы еріктілердің жұмысын және еріктілердің нақты бағыттары жайлы, жастардың қоғамның бірлестіктерінің қызметі жайлы және де пилоттық жобаның мәні мен мақсатын аудиторияға жеткізу жайлы сөз етті.  Жалпы, университте 300 –ден астам еріктілер бұл жобаның жүзеге асырылуына жұмылдырылған.

11.10.2019