Университет музейінде бірінші курс студенттеріне арналған шолу экскурсиялар өтуде

Дәстүр бойынша, жаңа оқу жылының басынан бастап барлық факультеттер мен институттың бірінші курс студенттері үшін М. Қозыбаев атындағы СҚМУ тарих музейінде шолу экскурсиялар өткізілуде. Студенттер университеттің қалыптасу кезеңдерімен, қызметмен және жетістіктерімен танысады. Сонымен қатар туған өлкенің тарихымен жанасады, университет факультеттерінің тарихы, академик М. Қозыбаевтың өмір жолы мен ғылыми қызметі туралы қызықты мәліметтер алып қайтады.

11.10.2019