М.Қозыбаев атындағы СҚМУ аймақтық «Полиглот» байқауы өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тіл және әдебиет инситутында «Nur Otan» партиясының «Болашақ» филиалының қолдауымен жоғары және арнайы орта оқу орындары студенттері арасында аймақтық «Полиглот» байқауы өткізілді.

Сайыс қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізілді. Байқауға 4 команда қатысты. Олар ҚР Ұлттық ұланының Әскери институты, Солтүстік Қазақстан медициналық колледжі, Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол колледжі, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университет командалары өз бақтарын сынады.  Сайысқа қатысушылар өз тобының бейнероликтерін ұсынды, сұрақтарға үш тілде жауап берді, өлең оқыды, мақал-мәтелдер толықтырды, сондай-ақ Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына қатысты пікірлерін білдірді.

Лингвистикалық байқаудың мақсаты жастар арасында көптілділікті рухани құндылықтың негізі ретінде қалыптастыру, толеранттылықты, мәдениаралық коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыру болды.

Сайыс нәтижесінде I орынды- Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжі; II орынды- ҚР Ұлттық ұланының Әскери институты; III орынды- Солтүстік Қазақстан медициналық колледжі иеленді. Жеңімпаздарға дипломдармен кубоктар және естелікке кітаптарға сыйға тартылды.

01.10.2019