Студенттерге өрт қауіпсіздігі шаралары туралы дәріс өткізілді

2019 жылдың 26 қыркүйегінде студенттердің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше Жағдайлар Департаментінің өкілдерімен кездесуі өтті.

Лекцияға қатысқан студенттерге электр құрылғыларын, газ плиталарын және басқа заттарды пайдалану кезінде күнделікті өмірдегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы айттылды. Олар өрт сөндіргішті қалай қолдану керектігін көрсетті, автоматты өрт сөндіру сенсорларының жұмыс принципін түсіндірді.

Баяндаманы Петропавл қаласы ТЖД-нің бас маманы Қанат Баяндин және СҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері Қуат Махметов жасады. Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетудің жолдарын көрсетті.

Теориялық сабақтардан кейін студенттер мәжіліс залынан эвакуациялауға үйретілді. Негізгі және өрт шығу жолдарынан 500-ге жуық адам шықты. Университет қызметкерлері бұл жағдайда барлық қажетті шараларды орындады:  «өрт» туралы сигнал беріп,  өрт сөндіру бөліміне хабарлады, техниктер өртке қарсы алғашқы құрал-саймандарды орналастырды. Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен университет қызметкерлері мен студенттері дүрбеленсіз эвакуацияланды. 

27.09.2019