"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

Студент Мейрбек Рахимов қазақша күрестен алтын медаль алды

2019 жылдың 20-22 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласында өткен Республикалық турнирден  М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің педагогикалық факультетінің «Дене шынықтыру» кафедрасының студенті Мейрбек Рахимов V ұлттық спорт фестивалінің жеңімпазы атанды.

Мейрбек Рахимов - қазақша күрестен спорт шебері, бұл оның алғашқы алтын медалі емес. Жас балуан бұдан әрі үлкен шыңдарды бағындыратынына үлкен сенім білдіреміз. Спортшыға алда барлық ойлаған мақсаттарының орындалуын тілейміз. 

25.09.2019