М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті Оңтүстік Кореяда өткен жарыста қола жүлдеге ие болды

2019 жылғы 29 тамыздан 6 қыркүйекке дейін М. Қозыбаев атындағы  СҚМУ студенті муай-тайдан ҚР спорт шебері Евгений Зайцев Оңтүстік Кореяда өткен жекпе-жектен әлемдік турнирде қола жүлдеге ие болды.  Жас спортшы  63,5 келі салмақта 3 жекпе-жек өткізіп, жоғары көрсеткіш көрсетті.

Біздің спортшы облыс пен республиканың ұлттық құрамасының мүшесі болып табылады, бірнеше рет Қазақстанды әлемдік аренада көрсетіп,  жүлделі орындарға ие болды. Евгений Зайцев - Азия чемпионатының күміс жүлдегері, муай-тайдан Солтүстік Кубогының иегері.

Евгений Зайцев «Beybars» клубында жаттығуды аптасына 5 рет СҚО бас жаттықтырушысы Иван Ван-Хон-Тунның басшылығымен өткізеді және қазір Дүниежүзілік жекпе-жек жарысына қатысуға дайындалуда.

23.09.2019