СҚО полиция департаментінің қызметкерлері мен студенттері арасында кездесу өтті

Іс-шараның шымылдығын ашқан ректор Серік Өмірбаев  өз сөзінде біздің университет жоғары оқу орнын бітірген жас мамандарды жұмысқа орналастыруға үлкен мән беретіндігін атап өтті. Қазіргі уақытта зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың  мәліметтері бойынша бакалавриат түлектерінің 90%, аспиранттардың 80% және докторантураның 100% сәтті жұмысқа орналасуда.  

СҚО полиция департаменті мен М.Қозыбаев атандағы СҚМУ он жылдан астам серіктестік жасайды. Ағымдағы жылдың тамыз айында екі ұйым арасында Ішкі Істер Органдарына кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Онда университет түлектерін жұмысқа орналастыру, ғылыми қызмет, оқу процессін ұйымдастыру, «Құқықтану» мамандығы студенттерінің практикасы бойынша өзара іс-қимыл жұмыстары  қарастырылған.

Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев әр жылдары солтүстікқазақстандық полицейлердің 60%-дан астамы біздің алма материяны бітіргенін атап өтті. Жиналған  студенттерге Ішкі Істер бөлімінде қызмет ету перспективалары туралы айтылды, жиналғандардың сұрақтарына жауап берілді. Олар полиция қызметкерлерін жалдау ережелері, жалақы, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік қолдау шараларына қатысты сұрақтар  болды. Кездесуге барлығы 450-ден астам студент қатысты.

11.09.2019