Білім күніне арналған мерекелік концерт

Білім күні- оқушылар мен студенттер үшін маңызды күн. 2019 жылы 1 қыркүйек күні М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің бас ғимаратының алдында білім күніне арналған салтанатты іс-шара  өтті.  Осы жылы білім нәрін бойына сіңіреміз деген мақсатпен  Қазақстанның түкпір-түкпірінен 2 мыңдай 1 курс студенттері оқуға түсті.  200 дей студент сонау ыстық мекен Үндістаннан қатары толысты.

"Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті 80 жылдық тарихы бар, іргетасы берік қаланған, даңқты дәстүрлері бар Қазақстандағы үздік  жоғары оқу орындарының бірі  болып табылады. 1937 жылы құрылған кезден бастап, қазіргі уақытқа дейін мұнда 50 мыңға жуық жоғары білікті маман даярланған. Бүгінгі күні- университетіміз  үлкен тату отбасы деуге болады, 1000-нан астам оқытушылар , қызметкерлер, 7000–нан астам студент",-деп атап өтті ректор Серік Өмірбаев.

Сонымен қатар, өмірі мен кәсіби қызметін университетке арнаған ардагер оқытушыларымыз жетерлік, олар: Владилен Поляков, Наталья Пустовалова, Владимир Макарченков, Мақшай Габдулинна және Сергей Коваленко. Бүгінгі күні ардагер –оқытушылар саналы ұрпақ үшін үлгі. Ректор ардагер-оқытушылармен бірге Манаш Қозыбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, оның есімін біздің жоғары оқу орны мақтанышпен алып келеді.

Ғылым мен қоғамдық өмірде өзін көрсете алған үздік студенттерге Ректор және Манаш Қозыбаевтың гранттары табыс етілді. Сондай-ақ, жиналған барша қауымды университет ұжымы жаңа лқу жының басталуымен құттықтап, мерекелік концерт өз жалғасын тапты.

02.09.2019