Халықаралық семинар

2019 жылдың 19 шілдесінде М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Солтүстік-Батыс университетінің ауыл және орман шаруашылығы профессораларының қатысуымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинары өтті (ҚХР). 

Семинардың негізгі мақсаты М.Қозыбаев атындағы СҚМУ Агротехнопаркінің ғылыми жұмысын, танаптық дақылдардың отандық және шет елдік селекциясының экологиялық сортсынау нәтижелерін талқылау және тәжірибе алмасу болды. 

Агротехнопарк ғылыми зерттеулер саласындағы халықаралық алдыңғы қатарлы тәжірибені ілгерілетуде және ауыл шаруашылығы бағытында мамандарды дайындауда, ортақ білім бағдарламалары мен жобаларды дайындауда және атқаруда, академиялық ұтқырлықты дамытуда белсенді қызмет атқарып отыр.

Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетімен серіктестік Жібек жолының ауыл шаруашылығы білімі және ғылыми инновациялар альянсі қызметінің аясында жүзеге асырылып отыр, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ бұл альянсқа 2017 жылдың шілдесінен бастап енді.

02.09.2019